Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметінің регламенті (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 396 бұйрығына 5-қосымша) (2019.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 20 мамырдағы

№ 396 бұйрығына 5-қосымша

 

ҚР Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019.19.03. № 20 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру»
мемлекеттік қызметінің регламенті

(2019.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019.19.03. № 20 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.26.02. № 107 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 347 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11079 нөмірімен тіркелген «Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - Стандарт) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

2) www.еliсеnse.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) түрде.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019.19.03. № 20 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции