Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ 2015.20.05 № 396 ...

Осы редакция 2016 жылғы 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 20 мамырдағы

№ 396 бұйрығына 5-қосымша

 

 

 «Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру»

 мемлекеттік қызметінің регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 347 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11079 нөмірімен тіркелген «Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - Стандарт) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);

2) www.еliсеnse.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) түрде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку