(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕР ЖОБАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ ҚАҒИДАЛАРЫН ...
Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығы
(2021.10.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 18 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы бұйрыққа өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы ҚР Қаржы министрінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 28 бұйрығын қараңыз (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 64-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Т.М. Савельева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Министр | Б. Сұлтанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е.Досаев
2014 жылғы 11 қараша
ҚР Қаржы министрінің 2017.21.08. № 507 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 31 қазандағы
№ 470 бұйрығымен бекітілді
Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне (бұдан әрi - Кодекс) сәйкес әзiрлендi және жергiлiктi бюджеттердің жобаларын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа