(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫҢ ҚЫЗМЕТІН БЮРОКРАТИЯДАН АРЫЛТ...
«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 Қаулысы
(2023.20.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 6 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 10-бабының 5-тармағына және 18-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентi (бұдан әрі – Регламент) бекiтiлсiн.
2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Регламенттің 111 және 112-тармақтарының қолданысы заңнамалық актілерді іске асыру үшін бұрын қабылданған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне Регламенттің көрсетілген тармақтары қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданылады деп белгіленсін.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықта:
«1. Жалпы ережелер» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Құрылған комиссиялар консультативтік-кеңесші органдар тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізіледі, оны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.
Редакция документа
Демо – версия документа