(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СОТТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ...
Соттардың экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық істер бойынша заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 3 Нормативтік қаулысы
(2020.11.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 29 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер жөніндегі заңнаманы дұрыс қолдану практикасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірме беруге қаулы етеді.
1. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау кезінде қылмыстық заңнаманы дұрыс қолдану жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететіндігіне соттардың назары аударылсын.
ҚР Жоғарғы Сотының 2020.11.12. № 6 Нормативтік қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Заңсыз кәсіпкерлік туралы қылмыстық істерді қараған кезде соттар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 10-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кәсіпкерлік кодексі) 2-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтардың, қандастардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлікке) не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген дербес, бастамашыл қызметі кәсіпкерлік болып табылатынын ескеруі тиіс.
Редакция документа
Демо – версия документа