(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕРЗІМДІ БАСПА БАСЫЛЫМДАРЫНЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТIЛЕРДI ...
Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 762 Қаулысы
Осы редакция 2019 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қазандағы № 1118 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 34, 369-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 ақпандағы № 99 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 46-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Yкiметiнiң
2016 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 762 қаулысымен
бекiтiлген
Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi ресми
жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа