«Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 54 бұйрығы (2018.24.09. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 54 бұйрығы
(2018.24.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Әділет министрінің 2018.24.09. № 1439 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер тұлғаларды аттестаттаудан өткiзу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер тұлға тағылымдамадан өткеннен кейін «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы:
1) тұрғылықты жері бойынша Комиссияға аттестаттауға жіберу туралы сұрау салу;
2) оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын денсаулық сақтау ұйымдарымен берілген диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы үміткердің тұрғылықты жерi бойынша нарколог және психиатрдың анықтамаларының электрондық көшірмесі;
3) заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттың электронды көшірмесін жібереді.
Аттестаттауға жіберу туралы сұрау салуда мынадай:
диплом туралы;
жоғарғы оқу орнының атауы;
мамандықтың шифрі;
дипломның нөмірі;
дипломның берілген күні немесе «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімінен өткенін растайтын құжат туралы:
сериясы және нөмірі;
негіздеме: күні және нөмірі;
тіркеу нөмірі және күні;
тағылымдамадан өткені туралы қорытынды туралы;
тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні;
облысы;
тағылымдама жетекшісі;
тағылымдаманың басталу күні;
тағылымдаманың аяқталу күні туралы мәліметтер қамтылады.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа