Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ КЕЙБІР БҰ...

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 54 бұйрығы

(2018.25.06. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 56 бұйрығына (2015 жылғы 5 наурызда «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10269 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу қағидаларында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер тұлға тағылымдамадан өткеннен кейін «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы:

1) тұрғылықты жері бойынша Комиссияға аттестаттауға жіберу туралы сұрау салу;

2) оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын денсаулық сақтау ұйымдарымен берілген диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы үміткердің тұрғылықты жерi бойынша нарколог және психиатрдың анықтамаларының электрондық көшірмесі; Аттестаттауға жіберу туралы сұрау салуда мынадай:

диплом туралы;

жоғарғы оқу орнының атауы;

мамандықтың шифрі;

дипломның нөмірі;

дипломның берілген күні не «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімінен өткенін растайтын құжат туралы:

сериясы және нөмірі;

негіздеме: күні және нөмірі;

тіркеу нөмірі және күні;

тағылымдамадан өткені туралы қорытынды туралы;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку