«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы № 396 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы № 396 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кәсіби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 291 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9620 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргiзу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сертификаттау жөнiндегi ұйым әзiрлеудi, кандидаттарды сертификаттаудың бағдарламаларына арналған материалдарды тарату мен басып шығаруды жүзеге асырады, емтихан процесiн ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi кәсiби бухгалтерлердi сертификаттау ережесіне сәйкес, өзара іс-қимыл туралы келісім жасасқан аккредиттелген кәсiби бухгалтерлермен (бұдан әрi - кәсiби ұйым) бірге ұйымдастырылады.
Бұл ретте сертификаттау бағдарламалары бойынша материалдар емтихан модульдерінен (таратуға және басып шығаруға жатпайтын), сондай-ақ оқу материалдарынан тұрады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Кәсіби бухгалтерлікке кандидаттар мынадай пәндер бойынша емтихан тапсырады:
қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік;
басқарушылық есеп;
қаржы және қаржы менеджменті;
салықтар;
құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнамасы);
әдеп.»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары Diploma in the International Financial Reporting (Диплоумэ ин зэ Интернашнэл Файнаншл Рипортин) (DipIFR ACCA (ДИайпиАЙЭФАР ЭЙСИСИЭЙ) - Халықаралық Қаржылық Есептілік Саласындағы) дипломы бар тұлға есеп және қаржылық есептілік стандарттары бойынша емтихан тапсырудан босатылады.
Демо – версия документа