Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Кәсіби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 291 бұйрығы (2024.31.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Кәсіби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 291 бұйрығы

(2024.31.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 5-тармағының 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Кәсіби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі бақылау, нақты сектор бухгалтерлік есебі мен аудиті әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2014 жылғы 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

 Премьер-Министрінің Орынбасары -

 Қазақстан Республикасының

 Қаржы министрі

 

 

 

Б. Сұлтанов

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Орынбасары-

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2014 жылғы 25 маусымдағы

№ 291 бұйрығына

қосымша

 


Кәсіби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргізу

қағидалары

 

1. Осы Кәсіби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) кәсіби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттау тәртібін белгілейді.

ҚР Қаржы министрінің 2021.02.12. № 1261 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

әдеп - «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген Әдеп кодексінің білімі мен дағдыларын қамтитын пән;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции