Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК МОНОПОЛИЯ СУБЪЕКТІСІ КӨРСЕТЕТІН ҚЫЗМЕТТ...

Мемлекеттік монополия субъектісі көрсететін қызметтерге бағаларды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 671 бұйрығы

 

Осы редакция 2019 жылғы 30 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 63-бабының 2-тармағына және 63-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мынадай:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Еуразиялық Экономикалық Комиссияның 2016 жылғы 12 ақпандағы № 46 және 2016 жылғы 3 қарашадағы № 78 шешімдерімен қабылданған Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай қағидаларына сәйкес дәрiлiк заттарды, медициналық бұйымдарды (медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы) мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу кезінде сараптама жүргізу бойынша мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтерге бағалар;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу кезінде сараптама жүргізу бойынша мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтерге бағалар;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелген дәрiлiк заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына бағалау жүргізу бойынша мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтерге бағалар белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку