«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 141 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 141 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2022 жылғы 18 наурыздағы
№ 141 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 қаулысы.
2. «Аэротүсірілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуді тіркеу, есепке алу және оларға рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы 126 қаулысы.
3. «Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 596 қаулысы.
Демо – версия документа