«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 585 Қаулысы (2023.04.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 585 Қаулысы
(2023.04.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік мекемелері қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Мәдени және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсіпорындар) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі кәсіпорындарға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы;
2) кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы мәдениет саласындағы қызмет болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
2) кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2015 жылғы 24 шілдедегі
№ 585 қаулысына
қосымша
Қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік мекемелердің
тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Демо – версия документа