(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТІНІҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА Ж...
Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1095 бұйрығы
(2022.23.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 21 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2022.06.10. № 792 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің» 15-тармағының 52) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.16.07. № 517 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттері бастықтары ішкі істер органдарының жеке құрамының осы бұйрықты зерделуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
Редакция документа
Демо – версия документа