(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ 2012.2...
Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 590 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңының 10-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары бекітілсін.
2. «Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 6998, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілері жинағының 2011 жылғы 14 қыркүйекте № 6 санында жарияланған) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2011 жылғы 30 наурыздағы № 111 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, аумақтық және өзге де органдарының басшылары Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
Редакция документа
Демо – версия документа