Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 173-НҚ бұйрығы

Әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 173-НҚ бұйрығы

 

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 13-2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 231 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11185 болып тіркелген);

2) «Әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 231 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 17 қазандағы № 143 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15961 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку