«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар және «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 17 ақпандағы № 32-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 38-ө өкімі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар және «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 17 ақпандағы № 32-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 38-ө өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және ай сайын, келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігін хабардар етіп отырсын.
3. Жергілікті атқарушы органдар тізбеге сәйкес тиісті құқықтық актілерді қабылдасын және ай сайын, келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігін хабардар етіп отырсын.
Демо – версия документа