Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу және «Тауар биржаларының күнделікті электрондық есептілік нысандарын, оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 140 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 10 тамыздағы № 10 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу және «Тауар биржаларының күнделікті электрондық есептілік нысандарын, оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 140 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 10 тамыздағы № 10 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2. «Тауар биржаларының күнделікті электрондық есептілік нысандарын, оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 140 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10599 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 10 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку