Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МЕХАНИКАЛЫҚ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ ДАЯРЛАУ ...

Осы редакция 2017 жылғы 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 2 желтоқсандағы

№ 862 бұйрығына 2-қосымша

 

 

Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымдарында (бұдан әрі — оқу ұйымдары) механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді (бұдан әрі — жүргізушілер) даярлау тәртібін айқындайды.

2. Жүргізушілерді даярлау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «А», «В», «С», «D», «ВЕ», «СЕ», «DЕ», «Tm», «Tb» санаттарындағы және «A1», «В1», «С1», «D1», «С1Е», «D1Е» кіші санаттарындағы механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлаудың үлгі бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

3. «А», «В», «С», «D», «ВЕ», «СЕ», «DЕ», «Tm», «Tb» санаттарындағы және «A1», «В1», «С1», «D1», «С1Е», «D1Е» кіші санаттарындағы механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау медициналық куәландырудан өткен және медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдардың қатарынан жүзеге асырылады.

4. Жүргізушілерді даярлау топтарына қабылданған, оқу ұйымдарындағы адамдарды есепке алу жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның автоматтандырылған кешенімен біріктірілген «Автомектеп» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдаланып жүргізіледі.

5. Жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу топтары саны кем дегенде отыз адамнан жасақталады.

 

 

2. Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау тәртібі

 

6. Механикалық көлік құралдарын (бұдан әрі - МКҚ) жүргізушілерді даярлау мынадай тақырыптық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады:

1) «Құрылымы және техникалық қызмет көрсету»;

2) «Жол қозғалысы ережелері»;

3) «Көлік құралын басқару негіздері және қозғалыс қауіпсіздігі»;

4) «Алғашқы медициналық көмек көрсету»;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку