(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 507 Қаулысы
(2016.23.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 21 мамырдағы
№ 507 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2015.10.08. № 622 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2014.12.03. № 229 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2016.23.05. № 298 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2013.18.09. № 983 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. «Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1069 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 55, 533-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасында:
көрсетілген Қағидаға 2-қосымшада:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің көшірмесі.»;
көрсетілген Қағидаға 7-қосымшада:
«Сертификаттық тексеру бағдарламасы» деген кестеде:
«1. Ұсынылған дәлелдеу құжаттамасы жиынтығының болуы және сәйкестігі» деген бөлімдегі реттік нөмірі 1-жолдың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«
3) | Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің көшірмесі |
|
|
».
Редакция документа
Демо – версия документа