Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Энергия аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 29 қарашадағы № 94 бұйрығы

 «Энергия аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 29 қарашадағы № 94 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Энергия аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 400 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11729 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия аудитін жүргізу қағидаларында:

Үшінші, төртінші, бесінші абзацтары 2024 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:

«5-1) энергетикалық аудитор (бұдан әрі - энергия аудиторы) - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында сәйкестік сертификаты бар жеке тұлға;

11) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы сәйкестік сертификаты - сәйкестікті растау жөніндегі орган беретін, энергия аудиторының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жұмыстарды орындау құзыреттілігін куәландыратын құжат.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Міндетті энергия аудитін жүргізудің жалпы мерзімі кемінде екі айды құрайды, бірақ шарт жасалған күннен бастап он екі айдан көп емес, экспресс-энергия аудитін жүргізу мерзімі кемінде екі айды құрайды, бірақ шарт жасалған күннен бастап алты айдан көп емес, нысаналы энергия аудитін жүргізу мерзімін Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес жасалған шарт негізінде энергия аудиторлық ұйым және өтініш білдірген тұлға айқындайды.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Энергия аудитінің нәтижелері бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытынды жасалады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку