Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Атырау мұнай және газ университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 433 Қаулысы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)

Атырау мұнай және газ университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 433 Қаулысы

(2022.19.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Атырау мұнай және газ университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «АтМГУ» КЕАҚ) құрылсын.

2. «АтМГУ» КЕАҚ қызметінің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім саласындағы білім беру қызметтерін көрсету, жаңа білімдерді генерациялау және трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу, заманауи ғылыми инфрақұрылымды құру және ғылыми әзірлемелерді енгізу болып айқындалсын.

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «АтМГУ» КЕАҚ жарғылық капиталын қалыптастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Атырау мұнай және газ институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - «АМГИ» ШЖҚ РМК) теңгеріміндегі республикалық мүлік есебінен жүзеге асырылсын;

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) «АтМГУ» КЕАҚ жарғысын бекітуді және оны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

2) «АтМГУ» КЕАҚ атынан құжаттарды мемлекеттік тіркеу үшін қол қоюға, қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және «АтМГУ» КЕАҚ органдары құрылғанға дейін үшінші тараптардың алдында олардың мүддесін білдіруге уәкілетті тұлғаларды сайлауды;

3) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне «АтМГУ» КЕАҚ акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын беруді;

4) осы қаулының 3-тармағынан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции