Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы мин. 2015 жылғы 1 қазандағы № 15-05/873 бұйрығына 2-қосымша) (2018.22.06. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018.22.06. № 266 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 1 қазандағы

№ 15-05/873 бұйрығына

2-қосымша

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 291 бұйрығымен күші жойылды

 

 

«Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан

тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2018.22.06. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) қағаз тасығышта фитосанитариялық сертификат беру;

2) «Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-4/500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12033 болып тіркелген) бекітілген «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша қағаз тасығыштағы мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту болып табылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции