Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КАРАНТИНГЕ ЖАТҚЫЗЫЛҒАН ӨНІМДІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАС...

Осы редакция 2018 жылғы 22 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 1 қазандағы

№ 15-05/873 бұйрығына

2-қосымша

 

 

«Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан

тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекцияларымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификатты (бұдан әрі - фитосанитариялық сертификат) беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап ұсынылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны - қағаз түрінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі қызмет беруші
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары
тәртібінің сипаттамасы

 

5. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге қағаз немесе электрондық тәсілмен «Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-4/500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12033 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде ұсынған өтінімінің (бұдан әрі - өтінім) болуы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына енетін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку