«Астана» халықаралық қаржы орталығы аумағының шекарасын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 161 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 614 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Астана» халықаралық қаржы орталығы аумағының шекарасын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 161 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
«Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 1-бабының 1) тармақшасынасәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Астана» халықаралық қаржы орталығы аумағының шекарасын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 161 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 83-84, 594-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы аумағының шекарасын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 161 Жарлығына қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2017 жылғы желтоқсанның 28-і.
№ 614
Президентінің
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 614 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 161 Жарлығына
ҚОСЫМША
«Астана» халықаралық қаржы орталығы
АУМАҒЫНЫҢ ШЕКАРАСЫ
«Астана» халықаралық қаржы орталығын орналастыру сызбасы
1. «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі — АХҚО) аумағы 1632 га құрайды және мынадай болып белгіленген:
Сарыарқа даңғылынан Кенесары көшесінің жұп жағы бойынша Жеңіс даңғылына дейін, Жеңіс даңғылының тақ жағы бойынша Есіл өзенінің жағалауына дейін, Есіл өзенінің жағалауы бойымен Сарыарқа даңғылына дейін, Сарыарқа даңғылының тақ жағы бойынша Кенесары көшесіне дейін;
Демо – версия документа