(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.19.02 № 197 ҚАУЛЫСЫ
Консулдық алым ставкаларының, сондай-ақ жеделдігі үшін консулдық алым ставкасының ең төменгі және ең жоғары базалық мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпандағы № 197 Қаулысы
(2012.12.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.25.05. № 460 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 552-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2010.25.05. № 460 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған консулдық алым ставкаларының, сондай-ақ жеделдігі үшін консулдық алым ставкасының ең төменгі және ең жоғары базалық мөлшері бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Консулдық алымдардың ең төменгі және барынша жоғары базалық ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1761 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 49-50, 593-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1761 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қаңтардағы № 111 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 4, 61-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2010.25.05. № 460 Қаулысымен базалық ставкаларының мөлшері жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.12.06. № 781 Қаулысымен базалық ставкаларының мөлшері өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 19 ақпандағы
№ 197 қаулысымен
бекітілген
Редакция документа
Демо – версия документа