«Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 162 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)
«Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 162 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10753 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Банкрот мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоса беріліп отырған Банкрот мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидалары бекітілсін»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукцион өткізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 11 сәуірдегі
№ 162 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Документ не введен в действие
Демо – версия документа