«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 12 маусымдағы № 252 бұйрығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 12 маусымдағы № 252 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 181 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10190 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/419 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11455 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 8 (сегіз) жұмыс күні.
Документ утратил силу
Демо – версия документа