Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасында сот билігі туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» 1998 жылғы 14 мамырдағы № 1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2025 жылғы 29 мамырдағы № 2 Нормативтік қаулысы

 «Қазақстан Республикасында сот билігі туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» 1998 жылғы 14 мамырдағы № 1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2025 жылғы 29 мамырдағы № 2 Нормативтік қаулысы

 

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жоғарыда көрсетілген нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 3-тармақта үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«ӘРПК-нің 16-бабының екінші бөлігіне сәйкес судья әкімшілік істің нақты және (немесе) заңды тұстарына жататын құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы.»;

2) 4-тармақта бесінші абзацтағы «бұза отырып ұйымдастыру және өткізу» деген сөздерден кейін «, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,» деген сөздермен толықтырылсын;

1-тармақтың 3) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

3) 6-1-тармақтың бірінші абзацы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап мынадай редакцияда қолданылады:

«Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 9, 14, 16-5, 20 және 21-баптарына сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізу сот төрағалары мен сот алқалары төрағаларының ерекше өкілеттігіне жатқызылған, сондықтан басқа судьялардың азаматтарды қабылдауға құқығы жоқ.»;

4) 7-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Азаматтардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдарының заңды күшіне енген сот актісін ерікті түрде орындаудан жалтаруы заңда көзделген жауаптылыққа алып келетіні түсіндірілсін.»;

5) 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку