«Қылмыстық-құқықтық саладағы сот есептерінің, электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу және қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 2 бұйрығы
Қылмыстық-құқықтық саладағы сот есептерінің, электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу және қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 2 бұйрығы
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабының 22) тармақшасына, «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Қылмыстық істерді қарау жөніндегі бірінші сатыдағы соттардың жұмысы туралы есеп» № 1 нысаны;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қылмыстық істерді қарау жөніндегі апелляциялық сатыдағы соттардың жұмысы туралы есеп» № 6 нысаны;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты қылмыстық істерді қарау жөніндегі апелляциялық сатыдағы соттардың жұмысы туралы есеп» № 6а нысаны;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Қылмыстық істерді қарау жөніндегі кассациялық сатыдағы соттардың жұмысы туралы есеп» № 6К нысаны;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты қылмыстық істерді қарау жөніндегі кассациялық сатыдағы соттардың жұмысы туралы есеп» № 6Ка нысаны;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Соттардың жекеше айыптау істері бойынша шағымдарды қарауы туралы есеп» № 2-Ж нысаны;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес «Бірінші сатыдағы сот қараған қылмыстық іске электрондық ақпараттық есепке алу құжаты» нысаны;
8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес «Қылмыстық іс бойынша сот актілерін орындау жөніндегі электрондық ақпараттық есепке алу құжаты» нысаны;
Демо – версия документа