(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2014.31.10 № 470 БҰЙРЫҒЫ
Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 20 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 64-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Т.М. Савельева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Министр | Б. Сұлтанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е.Досаев
2014 жылғы 11 қараша
Қаржы министрінің
2014 жылғы 31 қазандағы
№ 470 бұйрығымен бекітілді
Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу
қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін айқындайды.
2. Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу үдерісі:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеуді және оны жергілікті атқарушы органның мақұлдауын;
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау;
Редакция документа
Демо – версия документа