Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ТУРАЛЫ» ҚА...

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы

(2015.02.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2017 жылғы 11 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1-тарау. Жалпы Ережелер

(1 - 5-баптар)

2-тарау. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілері

(6 - 15-баптар)

3-тарау. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы шаралары

(16 - 23-баптар)

4-тарау. Қорытынды Ережелер

(24 - 26-баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

 

Осы Заң мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.

 

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жәбірленуші - өзіне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықпен моральдық зардап, дене зардабы және (немесе) мүліктік зиян келтірілді деп ұйғаруға негіз бар жеке адам;

2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) көмек көрсету жөніндегі ұйымдар - осы Заңға сәйкес жәбірленушілерге арнаулы әлеуметтік қызметтер және (немесе) көмек көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) отбасы-тұрмыстық қатынастар - ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, бірге тұратын немесе бірге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар;

3) тұрмыстық зорлық-зомбылық - отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабы және (немесе) психикалық зардап келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі);

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку