(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕЙБІР ЖАРЛЫҚТ...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2017 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2014 жылғы шілденің 3-і.
№ 853
Президентінің
2014 жылғы 3 шілдедегі
№ 853 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 20, 201-құжат; 2011 ж., № 31, 388-құжат; № 53, 742-құжат; 2012 ж., № 49, 666-құжат; 2013 ж., № 31, 465-құжат):
аталған Жарлыққа 2-қосымшада:
«Төрағаның орынбасары - Шекара қызметінің директоры | - генерал-лейтенант» |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
Төрағаның орынбасары - «Арыстан» қызметінің бастығы | - ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры»; |
«Арыстан» қызметінің бастығы | - ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры» |
деген жол алып тасталсын.
Редакция документа
Демо – версия документа