Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 942 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 942 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі оған «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен;

2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің аумақтық бөлімшелері - республикалық мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2017 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 942 қаулысына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің қайта

ұйымдастырылатын аумақтық бөлімшелері - республикалық мемлекеттік мекемелерінің

тізбесі

 

1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі оған «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку