Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 қарашадағы № 773 Қаулысы (2019.26.03. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 қарашадағы № 773 Қаулысы

(2019.26.03. берілген өзгерістермен)

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып;

2) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері - республикалық мемлекеттік мекемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес қайта аталсын.

2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2017 жылғы 25 қарашадағы

№ 773 қаулысына

қосымша

 

 

 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс,

ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау

комитетінің қайта аталатын аумақтық бөлімшелері - республикалық мемлекеттік мекемелерінің

тізбесі

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции