(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ МИНИ...
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы № 913 Қаулысы
(2015.24.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің өңіраралық көліктік бақылау инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3. ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 16 маусымдағы
№ 913 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің өңіраралық көліктік бақылау
инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары —мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі
1. Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.
2. Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.
Редакция документа
Демо – версия документа