(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАНКАРАЛЫҚ АҚША АУДАРЫМДАРЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ Қ...
Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 259 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9247 тіркелген, 2014 жылғы 1 сәуірде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларында:
33-тармақ алып тасталсын.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа