(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТI...
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 Қаулысы
(2024.01.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 213 Қаулысын қараңыз (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы редакция 2024 жылғы 25 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 412 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже);
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігiнің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті болып;
2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері;
3) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі осы қаулының 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
Редакция документа
Демо – версия документа