(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ЖИНАҚТАУ ЖҮЙЕСІ САЛАСЫНДАҒЫ ...
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 7 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бірлескен бұйрығы
(2025.22.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 жылғы 28 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024.20.11. № 530 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024.27.11. № 340 бірлескен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 37), 37-1) және 39) тармақшаларына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шарты;
2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Білім беру жинақтау сақтандыруының үлгілік шарты;
3) осы бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор мен қатысушы банк арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім;
4) осы бірлескен бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор мен қатысушы-сақтандыру ұйымы арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім бекітілсін;
5) осы бірлескен бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор мен білім беру ұйымы арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім.
Редакция документа
Демо – версия документа