(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 Қаулысы
(2017.28.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекiтiлсін.
2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 329 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1995 жылғы 25 қаңтардағы № 90 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестің құрамы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа