«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 199 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгертулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 199 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгертулер енгізілсін:
1) «Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 ақпанда № 16425 болып тіркелді):
1-тармақтың 14) тармақшасы алып тасталсын;
2) «Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген):
Осы бұйрықпен бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жеке шоттарын жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) 97-бабы 2 және 7-тармақтарына, 100-бабының 2-тармағына, 101-бабының 7-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және салық төлеушілердің (салық агенттерінің) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) жеке шоттарын жүргізу және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтары бойынша аумақтық органдарында (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді есепке алу тәртібін, оның ішінде:
1) «Бюджетпен есеп айырысулар жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттан үзінді көшірме беру»;
2) «Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді беру»;
Демо – версия документа