Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау қағидаларын және өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 500 Қаулысы (күші жойылды)

Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау қағидаларын және өлшемшарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 500 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 875 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау қағидалары және өлшемшарттары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2016 жылғы 31 тамыздағы

№ 500 қаулысымен бекітілген

 

 

Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау

 қағидалары және өлшемшарттары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау қағидалары және өлшемшарттары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау тәртібін және өлшемшарттарын белгілейді.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау тәртібі

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку