«Қорғау міндеттемелерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 78 бұйрығы (2021.31.12. берілген өзгерістермен)
Қорғау міндеттемелерін беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 78 бұйрығы
(2021.31.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2021.31.12. № 419 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қорғау міндеттемелерін беру қағидалары бекітілсін.
2. «Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау міндеттемелерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 74 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10677 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Раимкулова |
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2021.31.12. № 419 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 2 сәуірдегі
№ 78 бұйрықпен бекітілген
Демо – версия документа