«Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу бойынша бір деңгейдегі жергілікті бюджеттердің бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасау қағидаларын, агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің іске асырылуы туралы есептілікті жасау мен ұсыну тәртібін және агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 29 бұйрығы
Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу бойынша бір деңгейдегі жергілікті бюджеттердің бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасау қағидаларын, агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің іске асырылуы туралы есептілікті жасау мен ұсыну тәртібін және агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 29 бұйрығы
«Агломерацияларды дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу бойынша бір деңгейдегі жергілікті бюджеттердің бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасау қағидалары, агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің іске асырылуы туралы есептілікті жасау мен ұсыну тәртібі және агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберуді және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Ұлттық
экономика министрі
2025 жылғы 16 мамырдағы
Демо – версия документа