(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫНЫҢ 20...
Осы редакция 2016 жылғы 26 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 473 бұйрығына
2-қосымша
«Жүргізуші куәліктерін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Жүргізуші куәліктерін беру» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі - ТЕБ);
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық);
3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жүргізуші куәлігін (бұдан әрі - ЖК), уақытша ЖК беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөліністері (қызметкерлері)
іс-әрекеттерінің тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №341 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11112 болып тіркелген) «Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Стандарт) белгіленген құжаттар пакетін қабылдауы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің басталу негіздемесі болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа