«Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығына 2-қосымша) (2018.30.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Ішкі істер министрінің 2016.26.01. № 74 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 341 бұйрығына
2-қосымша
ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 280 бұйрығымен күші жойылды
«Жүргізуші куәліктерін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2018.30.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.30.03. № 242 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі - ТЕБ);
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.30.03. № 242 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.30.03. № 242 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) ТЕБ-ге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап - 2 сағат;
қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;
бір қызмет алушының құжаттарын қабылдаудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;
Документ утратил силу
Демо – версия документа