(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2014.11.04 № 795 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2015.21.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2014 жылғы сәуірдің 11-і.
№ 795
Президентінің
2014 жылғы 11 сәуірдегі
№ 795 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат; 2004 ж., № 22, 276-құжат; 2005 ж., № 19, 227-құжат; 2006 ж., № 1, 2-құжат; 2008 ж., № 4, 44-құжат; № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2010 ж., № 9, 105-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат; № 55, 738-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат; № 67, 896-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның құрамында:
мына:
«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі»,
«Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы» деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі»,
«Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы».
Редакция документа
Демо – версия документа