(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОРТА, ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІН...
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы
Осы редакция 2021 жылғы 16 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 23-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған 1-4 сыныптарға арналған сынып журналының нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған 5-11 (12 ) сыныптарға арналған сынып журналының нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған мектепалды сыныптарының журналының нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған факультативтік сабақтардың немесе үйде оқыту журналының нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспарының нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспарының немесе қысқа мерзімді жоспарының нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жиынтық бағалау жүргізу қорытындылары бойынша талдау туралы мәліметтердің нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес тәлімгер педагогтің жас маманмен жұмыс жоспарының нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес тәрбие жұмысы жоспарының нысаны;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған ата-аналар жиналысы хаттамасының нысаны;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған білім алушының жеке іс қағазының нысаны;
Редакция документа
Демо – версия документа