(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2010.03.11 № 1093 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережені бекіту туралы
(2013.03.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 11 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ереже бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2010 жылғы қарашаның 3-і.
№ 1093
ҚР Президентінің 2013.03.10. № 660 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 3 қарашадағы
№ 1093 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері бар (сот кеңселері бар) жергілікті және басқа да соттардың (бұдан әрі - соттар кеңселерінің) қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа