Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама (Москва қ., 2021 жыл 8 ақпанда)

Ресми куәландырылған мәтін

 

 

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

(Москва қ., 2021 жыл 8 ақпанда)

 

ҚР 2023 жылғы 15 наурыздағы № 210-VІІ Заңымен ратификацияланды

2023 жылғы 3 сәуірде күшіне енді

 

Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115-бабын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Тауарлар экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттамаға (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №18 қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 14-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Шектері 2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Ресей Федерациясында жұмыс істейтін Одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара сәйкес келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың (бұдан әрі - ЕЭА) аумағына бір мүше мемлекеттің аумағынан тауарлар импорты кезінде ЕЭА резиденттері болып табылатын салық төлеушілер тауарларды есепке қабылдаған күніне ҚҚС-ты осы Хаттаманың 19-тармағының төртінші абзацына сәйкес есептейді және төлейді. Егер көрсетілген тауарлар оларды есепке қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 180 күн өтетін ай аяқталғанға дейін өткізілмесе не ҚҚС-сыз өткізілсе, онда есептелген ҚҚС өткізілмеген не ҚҚС-сыз өткізілген импортталған тауарлар бөлігінде ЕЭА резиденттері болып табылатын салық төлеушілердің төлеуіне жатады. Бұл ретте оларды есепке қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 180 күн өтетін ай аяқталғанға дейін өткізілмеген не ҚҚС-сыз өткізілген, көрсетілген тауарлар бойынша салық базасы осы тармаққа сәйкес айқындалады.»;

2) 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Таңбаланатын акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді қоспағанда, жанама салықтар:

егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, импортталған тауарларды есепке қабылдаған айдан;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку